Тыйым салынған діни материалдарды әлеуметтік желілерде жариялаған қостанайлық ұсталды

Тыйым салынған діни материалдарды әлеуметтік желілерде жариялаған қостанайлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының ПД қызметкерлерімен интернет ресурстарын мониторингтеу барысында “ВКонтакте” әлеуметтік желісінде діни алауыздықты өршіту белгілері бар материалдарды жариялаған облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны анықталды. Азаматтың іс-әрекетінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлімі бойынша белгілері көрінуде.

Жеке тұлға үшін аталған құқықбұзушылық үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылады.