Оралда жантүршігерлік жол-көлік апаты орын алды

9 қазан күні Орал қаласындағы Абай даңғылында Lada Priora және Мercedes автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БҚО Полиция департаменті жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жолдарда абай және мұқият болуды, сондай-ақ, жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.