Күрестен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті

Норвегияда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті, деп жазады Prosports.kz.

Әлем біріншілінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев қола жүлдегер атанды.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Кебіспаев жұбаныш белдесуінде түркиялық Мурат Фиратты 7:4 есебімен жеңді.

Осылайша, Кебіспаев әлем чемпионатында бес дүркін жүлдегер атанды. Ол бұған дейін бір күміс, үш қола медалін жеңіп алған.

Айта кетейік, кезекті әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдені Жамиля Бақбергенова алып берген. 72 келде күрескен бұрымды балуан күміс медаль жеңіп алды.