Қазақстан құрамасының ойыншысы әлем чемпионатының «Қола добын» алды

Халықаралық футбол федерациясы футзалдан Литвадағы әлем чемпионатының үздік ойыншыларын марапаттады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир қорытындысы бойынша «Алтын допты» Португалия құрамасының капитаны Рикардиньо алды, «Күміс доп» португалиялықтар арасындағы үздік сұрмерген Пани Варелаға бұйырды.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Дуглас «Қола доппен» марапатталды.

ӘЧ-2021 барысында Дуглас төрт гол салды. Қазақстандықтар арасында бұл турнирде ең көп гол салған Тайнан (6 доп) болды.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында төртінші орын алған болатын.