Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты ер азаматы аталды.

King Choice сайтында өткен дауыс беру қорытындысы бойынша отандасымыз 9 304 871 дауыс жинаған.

Екінші орынға оңтүстіккореялық BTS тобының әншісі Ким Сокджин орналасқан – 8 197 925 дауыс.

Үшінші орын да оңтүстіккореялық орындаушыға бұйырған – Чха Ын У (1 918 514 дауыс).