Степногорскіде саяжайдан өрт шығып, бес адам қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде бес жасар бала бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 10 маусымда шамамен сағат түнгі 1-де болған.
«Өрттің аумағы – 20 шаршы метр және аумағы 8 шаршы метр құрылыс алаңы өртенген. Оқиға орныда бес адамның мәйіті табылды: 1955, 1976, 2013 және 2015 жылғы, тағы бір адамның аты-жөні анықталып жатыр», – деді ТЖД өкілдері.
Өрт сағат 03.10-да толықтай сөндірілген.