Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған 18 жастағы жолаушының жағдайы белгілі болды

Елордада кеше түнде көпір үстінде 2 көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам мерт болды. Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған 18 жастағы жолаушының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатынан зардап шеккен жолаушы елордадағы академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына жеткізілген.

«Кеше жол апатынан кейін 18 жастағы қыз өте ауыр халде түсті. Науқастың омыртқасы сынған және травматикалық шок алған. Пациентке шұғыл ота жасалды және қазіргі жағдайы ауыр», – деп хабарланды аталған орталықтан.