БҚО-да 26 жастағы әйелді жүк пойызы қағып кетті

Батыс Қазақстан облысында 26 жастағы әйелді жүк пойызы қағып кетіп, мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Бөрлі ауданының аумағында тіркелген. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, пойыздардың жүріс кестесінде өзгеріс болған жоқ. Қазір адам өліміне әкеп соққан жағдайдың жай-жапсары тексеріліп жатыр.

Тіркелген факт бойынша ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.