Алматыға Pfizer вакцинасы қашан келеді?

Алматыға қазан айының соңында Pfizer вакцинасы келеді деп күтілуде. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз де Pfizer вакцинасын күтіп отырмыз. Қазан айының соңында болуы керек. Бірақ әзірге Денсаулық сақтау министрлігінен жеткізу кестесін алған жоқпыз. Қазіргі уақытта біз клиникалармен осы вакцинаны салдырғысы келетіндердің тізімін жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Лаура Мырзағали.