Гандболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды

Гандболдан Қазақстан құрамасы 15-25 қыркүйек аралығында Иордания астанасы Амманда өткен әйелдер арасындағы XVIII Азия чемпионатында 3-орын алды. Қола жүлде үшін болған матчта Қазақстан Ираннан (38:33) айласын асырды.

Айта кетейік, А тобына түскен Қазақстан бірінші турда Сингапурдан (33:18), екінші турда Гонконгтан (31:29), үшінші турда Өзбекстаннан (31:28) басым түскенімен, соңғы турда Оңтүстік Кореяға 20:40 есебімен жол берді. Алты ұпаймен топтан үшінші орын алып плей-офқа шыққан ұлттық құрама ширек финалда Жапониядан 38:24 есебімен жеңіліп қалды.

Құрлықтағы 11 құраманың басын қосқан чемпионатта Оңтүстік Корея жеңіске жетсе, Жапония күміс жүлдегер атанды.