Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге келісті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер хабарлады.
Головкин – Мурата жекпе-жегі 28 желтоқсанда Жапонияда өтеді деп жоспарланып отыр. Енді бұл кездесуді DAZN платформасының мақұлдауын күту ғана қалды.