Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Таиландты ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Рrosports.kz.
Қазақстан құрамасы Таиландқа жауапсыз 7 гол соқты.
Бірінші таймда «Қайрат» командасынан Дәурен Тұрсағұлов (3 минут), Дуглас (14 минут), сонымен қатар Чайвата Джамграджанга автогол (19 минут) соқты.
Ал екінші таймда отандастарымыз есепті еселеді.
Дәурен Нұрғожин (24), Тайнан (24), Арнольд Кнауб (32) және Игита (38).
Ширек финалда қазақстандықтар 24 қыркүйекте бір-біріне қарсы ойнайтын Өзбекстан-Иран жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан Коста -Рика (6: 1) мен Литваны (3: 0) жеңді, сонымен қатар Венесуэламен тең түсті (1: 1). Рикардо Каканың шәкірттері А тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті.