Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан 31:28 есебімен жеңіске жетті

Иорданияда гандболдан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан командасы өз тобында үш ойын өткізіп үлгерді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Топтағы үшінші ойында Қазақстан командасы Өзбекстанмен кездескен болатын.

Тартысты кездесуде 31:28 есебімен Қазақстан командасы жеңіске жетіп, А тобындағы екінші орынға тұрақтады.

Қазақстандықтар қосымша көрсеткіштер бойынша ғана Оңтүстік Кореяға есе жіберген. Екі команданың да еншісінде алты ұпайдан бар.

Келесі ойында топ көшбасшылары өзара кездеседі.