Қазақстан құрамасы велоспорттан әлем чемпионатына қатысуда

Бельгияда шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың аталған әлем біріншілігіндегі нәтижесін ұсынады. 

Велошабандоздар жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында жекелей сын бойынша өзара мықтыны анықтады. Спортшылар жарыс барысында 43,3 км қашықтықты бағындырып, өзара мықтыны анықтады, Нәтижесінде италиялық Филиппо Ганна топ жарса, Ваут ван Арт (Бельгия) екінші, ал Ремко Эвенепул (Бельгия) үшінші болды.

Қазақстанс апынан бұл санат бойынша Дмитрий Груздев пен Даниил Фоминых қатысып, 31-ші және 36-шы орындардан көрінді.

Айта кетерлігі, топтық жарысқа Фоминых, Груздев, Евгений Гидич және Юрий Натаров қатысады деп жоспарлануда.