Головкин мен Альварес арасындағы трилогия 2022 жылы өтуі мүмкін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (56-1-2, 38 КО) 2022 жылы жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшы рингке биыл желтоқсанда оралмақ. Бірақ қарсыласы әлі ресми хабарланбады. GGG жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) күш сынасуы мүмкін.

Сондай-ақ, Леффлердің сөзінше, Головкин мен Альварес арасындағы трилогия 2022 жылы өтуі мүмкін.

Головкин кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын.