Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында Сингапурды жеңді

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионаты аясындағы кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Иорданиядның Амман қаласында гандболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. «А» тобына түскен Қаақстан құрамасы екінші кездесуінде Сингапурға қарсы ойнады. Екеуара кездесу 33:18 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді.

Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Өзбекстан командасы болады. Қазақстан – Өзбекстан арасындағы матч 18 қыркүйек күні өтеді.