Дарын Құдайбергеннің «Толғауы терең сырласым» атты концерті өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің XXIV концерттік маусымның ашылуына орай ансамбль әртісі, Халықаралық байқаулардың лауреаты – Дарын Құдайбергеннің «Толғауы терең сырласым» атты концерті өтті. «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» – Тоғжан Жахин.


Өз кезегінде Республикалық «Жас музыкант», «Music form Kazakhstan», «Қос ішек», Ахмет Жұбанов,  Нұрғиса Тілендиев, Есір Айшуақұлы, Дина Нұрпейісова мен С.Оразаұлы, Қаршыға Ахмедияров, Құрманғазы, Сағым Жалмышев, Халықаралық Қазанғап, М. Өскінбаев атындағы байқаулардың лауреаты және Махамбет оқуларының жүлдегері болған жас өнер иесі, Ұлттық өнерді ұлықтап, қасиетті домбырасын өмірлік серік етіп жүрген Құрманғазының, Динаның, Әшімтай, Нұрғисаның және басқада танымал халық күйлерін орындап көрерменге ерекше әсер сыйлады.