Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегіне дайындық басталғанын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Жаттығуды бастадық. Бұйыртса жекпе-жек қараша айында өтеді. Қандай қарсылас болатыны әлі белгісіз. Бірақ біз чемпиондарға дайынбыз. Оны промоутер де, менеджер де, жанкүйерлер де біледі. Бізде чемпиондық белбеуден басқасының бәрі бар. Соған қол жеткізу басты мақсат! QAZAQ STYLE-ді тарихта қалдыруға тағы бір қадам жақынбыз»,-деп жазды ол.

Айта кетейік, Жәнібек кейінгі жекпе-жегін биыл 26 ​​маусымда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізді. Онда жерлесіміз сегізінші раундта америкалық Роб Брантты жеңді.