Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 15 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 15 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады.

Бесқарағай ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Күндіз 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.