
Президент жарлығымен Жамбылдағы жарылыста Әскери және қызметтік борышын атқаруда ерлікпен қаза тапқан бірқатар әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер марапатталды, деп хабарлайды Ақорда. Президент жарлығының толық мәтіні төменде:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
| І дәрежелі «Айбын» орденімен | ||
| Әлімбеков Саят
Жанатұлы (марқұм) |
– |
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
|
| Заикин Сергей
Владимирович (марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы
|
| Қырғызәлиев Ерлан
Рысқұлбекұлы (марқұм) |
– |
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;
|
| ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен | ||
| Әділбек Әділет
Қанатбекұлы (марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
|
| Кеңес Әліби
Бексұлтанұлы (марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
|
| Қуатбек Ғафан
Жомартұлы (марқұм) |
– |
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері
|
| Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы
(марқұм) |
– | Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев