Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Токио Паралимпиадасының қатысушыларын марапаттады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатинаға екі бөлмелі пәтер мен автокөлік кілттері табысталды. Парадзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қияновқа 4 миллион теңге, қалған қатысушыларға бір миллион теңгеден берілді.
Еске салайық, Паралимпиадада Қазақстан намысын 26 спортшы қорғаған болатын.