Қарағандыда ер адам жаңа танысқан әйелдің көлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны жүгінген.
Жәбірленушіге тиесілі көпқабатты үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 300 мың теңгені құрады.
Анықталғандай, бір күн бұрын жәбірленуші әйел бір ер адаммен танысқан. Ер адам әйелдің көлігінің кілтін алып, сыртқа шығып көлікті алып кетеді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
31 тамызда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.