Тағы 3583 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 3583 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 327, Алматы қаласы – 957, Шымкент қаласы – 106, Ақмола облысы – 221, Ақтөбе облысы – 189, Алматы облысы – 246, Атырау облысы – 67, Шығыс Қазақстан облысы – 169, Жамбыл облысы – 82, Батыс Қазақстан облысы – 45, Қарағанды облысы – 398, Қостанай облысы – 203, Қызылорда облысы – 50, Маңғыстау облысы – 192, Павлодар облысы – 221, Солтүстік Қазақстан облысы – 76, Түркістан облысы – 34.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 820479.