Ақтөбелік тұрғын ойыншық тапаншамен микрокредиттік ұйымды тонады

Ақтөбе қаласының тұрғыны қызметкерді ойыншық тапаншамен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ер адамның микрокредиттік ұйымның кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 74 000 теңгені ашық түрде ұрлап кеткен.

Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Ұсталған азамат жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен “Тонау”  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, күдікті қолданған тапанша ойыншық екені анықталды.