Паралимпиада: Жүзу бойынша қос қазақстандық спортшы финалға жолдама алды

Токиода жазғы Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр. Жүзу бойынша қос қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабрлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатында Нұрали Советқанов жалпы нәтижеде 8 орынмен финалға шықты. Сондай-ақ, осы санат бойынша сынға түскен Нұрдәулет Жұмағали екі топ нәтижесінде үшінші орынмен аяқтап, финалистер қатарын толықтырды.

Айта кетерлігі, ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатындағы спортшылар финалы елорда уақытымен 16:02-де басталады.