Соңғы тәулікте 4322 адамнан вирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 4322 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты  хабарлады.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 376, Алматы қаласы – 1309, Шымкент қаласы – 137, Ақмола облысы – 259, Ақтөбе облысы – 123, Алматы облысы – 359, Атырау облысы – 126, Шығыс Қазақстан облысы – 166, Жамбыл облысы – 34, Батыс Қазақстан облысы – 46, Қарағанды облысы – 551, Қостанай облысы – 245, Қызылорда облысы – 65, Маңғыстау облысы – 109, Павлодар облысы – 296, Солтүстік Қазақстан облысы – 76, Түркістан облысы – 45.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 789471.