Нұрлан Ермекбаев пен Бердібек Сапарбаев жарылыс салдарынан қаза тапқан әскерилердің отбасыларына барды

ҚР Қорғаныс Министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданында орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілердің отбасыларына барып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Марқұмдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқанын айрықша атап өтіп, олардың отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.