ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға өтініш беруге дайын

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға өтініш беруге дайын екенін айтты.

Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Нұрлан Ермекбаев жарылыс салдарын толығымен жойғаннан кейін отставкаға өтініш беретіндігін ашық айтты.

«Қазіргі уақытта басты мақсатым – апаттың салдарын тез арада жою. Ал сіздерді отставка мәселесі қызықтыратын болса, онда мен осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта өзім үшін шешім қабылдадым. Мен отставкаға өтініш беремін, отставкаға жіберуін сұраймын. Ал қалғанын жоғарғы басшылық шешеді», – деп жауап берді Нұрлан Ермекбаев.