Паралимпиада-2020: 27 тамызда кімдер жарыс жолына шығады

Паралимпиада ойындарының үшінші жарыс күнінде қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүзетін Сиязбек Далиев пен Әлия Рахымбекова өнер көрсетеді.

Салтанат Әбілқасымқызы 100 м қашықтыққа жүгіруден бақ сынайды. Сонымен қатар дзюдошы Әнуар Сариев пен пара пауэрлифтингтен Гүлбану Әбдіхалықова жарыс жолына шығады.

27 тамыздағы жарыс кестесі

Пара жүзу
6:44. 50 м. S5. Ерлер. Іріктеу
Сиязбек Далиев
14:06. 100 м. S12. Әйелдер. Финал
Әлия Рахимбекова

Пара атлетика
7:07. Әйелдер. 100 м. T35. Іріктеу жарысы
Салтанат Әбілқасымқызы

Пара дзюдо
7:30. Ерлер, 60 келіге дейін. Ширек финал
Ануар Сариев – қарсыласы анықталған жоқ

Пара пауэрлифтинг

10:00. Әйелдер 50 келіге дейін
Гүлбану Әбдіхалықова.