ШҚО-да 17 жастағы жігіт досының атынан 2 млн теңге несие алған

ШҚО-да 17 жастағы жігіт досының атынан екі миллион теңге несие алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамызда Алтай ауданының полиция бөлімінің “102” жедел арнасына Серебрянск қаласының 63 жастағы тұрғыны жүгініп, өткен жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Риддер қаласының 17 жастағы тұрғыны банктің мобильді қосымшасы арқылы алдау жолымен жәбірленушінің атына жалпы сомасы 2 миллион теңге несие рәсімдеп, оның қаражатын иемденгенін хабарлады.

– Тексеру барысында Риддер қаласының 17 жастағы тұрғыны Серебрянск қаласындағы достарына қонаққа келгені анықталды. Досының үйіне қонаққа келіп, оның сеніміне кіріп, оның телефонына банктердің бірінің мобильді қосымшасын орнатқан. Риддер қаласына кеткен оған шұғыл ақша қажет болған. Кейін ол Серебрянск қаласында тұратын танысының жеке деректерін пайдаланып, мобильді банкингке кірген. Жігіт мобильді қосымшаға кіріп, екі ай ішінде өзінің шотына 2 млн. теңгедей қаражат аударған, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Жас жігіт қаражаттың барлығын құмар ойындарына салып ұтылғанын айтқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.