ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны туралы мәлімет жариялады.
«26 тамыздағы мәлімет бойынша 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (111 242 КВИ+ және 6 324КВИ-) емделуде, олардың ішінде 27 244 пациент стационарда жатыр, 90 322 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.