Паралимпиада-2020: 26 тамызда кімдер жарыс жолына шығады

Паралимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде Қазақстан пара пауэрлифтингтен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақта, ал Азия ойындарының күміс жүлдегері Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақта жүлдеге таласады.

26 тамыздағы жарыс кестесі

Пара пауэрлифтинг

13:30. Әйелдер 45 келіге дейін
Алина Солодухина

15:30. Ерлер 54 келіге дейін
Давид Дегтярев

Нұр-Сұлтан уақытымен