Месси ПСЖ сапындағы алғашқы ойынын қашан өткізеді?

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Месси клубтағы дебютін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

L’Equipe мәліметінше, аргентиналық футболшы ПСЖ-ның 4-турда «Реймске» қарсы матчына қатысады. Месси ойынды қосалқы құрамнан бастайды.

Матч «Реймс» — ПСЖ матчы жексенбі, 29 тамызда өтеді. Басталуы — елорда уақытымен 00:45-те.