Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал қандай?

Египет коронавирустың төртінші толқынының басталғанын жариялады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм канал хабарлады.

Президент кеңесшісі Мухаммад Таг эд-Диннің айтуынша, жаңа пациенттердің көпшілігінің жағдайы жеңіл және орташа, бірақ жағдайлардың көбеюімен ауруханаға жатқызу қажеттілігі артады. Ол билік азаматтарға көпшілік жиындар мен концерттерге бармауды ескерткенін атап өтті.

Жаңа Зеландия парламенті карантинге байланысты жұмысын тоқтатты. Елдің премьер-министрі Джасинда Ардерннің айтуынша, министрлер парламент комиссияларының алдында виртуалды есеп бере алады. Ол сонымен қатар, локдаун кезінде адамдар үйлерінен шықпауы керегін, оларға күніне бір рет таза ауаға шығуға рұқсат етілгенін жеткізді.

Қытайда алғаш рет бір ай бойы ел ішінде коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Бұл туралы ҚХР гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесінде айтылған. Құжатта нақтыланғандай, өткен тәулікте инфекцияның 21 жаңа жағдайы тіркелді, жұқтырғандардың барлығы шетелден келген.