Таразда жылу ақысы 15%-ке арзандайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаржы ұйымдарын қадағалау агенттігі осындай мәлімет таратты. Олар арнайы тексеріс ұйымдастырып, «Тараз энерго орталығы» бір жыл бойы жылу бағасын заңсыз көтеріп келгенін анықтаған. Тұрғындарға берілетін жылу құнын екі есеге көтерген, ал кәсіпкерлерге 3,5 есе қымбатқа ұсынған. Сөйтіп, 600 млн теңге пайда тапты. Агенттік қызметкерлері осыны есепке алып, Жамбыл өңіріндегі жылу бағасын 15%-ке арзандатып отыр. Тариф 85 теңгеден 72 теңгеге түсті. Ал бағаны негізсіз көтергендердің ісі әлі қаралып жатыр.