Алдағы күндері елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Антициклонның әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбырсыз ауа райы күтіледі.

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальді бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Солтүстікте 23-тен 30 градусқа, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25-тен 40 градусқа, орталық пен шығыста 17-ден 35 градусқа дейін ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.

Ал Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады және негізгі фондық температура 32-ден 41 градус аралығын қамтитын болады.