Ақтөбеде әкесі, анасы және екі ұлы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 16-тамыз күні сағат 19:15-те «Самара-Шымкент» автожолының Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанында тіркелді. Шалқар ауданының 39 жастағы тұрғыны, «Nissan X-Trail» автокөлігінің жүргізушісі Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы «Volvo FH460» жүк көлігімен соқтығысты.
«Жол апаты салдарынан «Nissan X-Trail» автокөлігінің жүргізушісі, 40 жастағы жұбайы, 11 жастағы ұлы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмып, 5 жасар ұлы мен 10 жасар қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Онда 5 жасар ұлы көз жұмды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі, яғни, «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.