Павлодарда жылу тарифі арзандайды

Биылдан бастап жылу энергиясы үшін тариф төмендейді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл мәселе Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сөз болды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев атап өткендей, аталған мемлекеттік органның сараптамасының нәтижесінде «Павлодарэнерго» негізсіз кіріске ие болғанын анықтаған.

– Соған байланысты департамент жылу энергиясын өндірудің тарифын төмендетуді талап етті, өз кезегінде «Павлодар жылу желілері» ЖШС 1 тамыздан жылу энергиясын тасымалдау үшін тарифтерді төмендетуге мәжбүр болды, – дейді Ибрагим Тангиев. – Ақыры жылу маусымы басталысымен тариф 152 теңгеге арзандап, ҚҚС қоспағанда әрбір Гкал үшін 1982 теңгеден 1830 теңгеге түседі. ҚҚС-пен бұл сома 2049 теңге болады.

Ибрагим Тангиевтің айтуынша, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы тарифтер өзгеріссіз қалады. Өйткені, ол жерден тарифтерді өзгерту туралы ешқандай ұсыныс түскен жоқ.