Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында адасып кеткен 89 жастағы қария табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына хабарласқан әйел адам үйден сыртқа шыққан атасының мүлде хабар-ошарсыз кеткенін жеткізді.
Оның айтуынша, 89 жастағы атасының кейде есін жоғалтып алатыны бар. Өз беттерімен қанша іздегендерімен одан еш нәтиже шықпаған.
«Патрульдік полиция инспекторлары Дәурен Зарқымқанов, Мадияр Өмірзақов, Алмас Омашов пен Ернат Айтбайұлы қаланың жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қаланың барлық көшелерін шарлап шықты. Соның нәтижесінде, көшелердің бірінде жалғыз жүрген қарияны көрген. Зейнеткер өз сөзінде адасып кеткендігін айтты. Полиция қызметкерлері қарт кісіне бірден үйіне жеткізді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өз кезегінде қарияның немересі жедел әрекет еткен полицейлерге ризашылығын білдірді.