Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Мұғалжар көшесінде жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Биыл 10-16 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Мұғалжар көшесінің Керей, Жәнібек хандар көшесінен Қоңырөлең көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», — делінген көлік басқармасының хабарламасында.