Қазақстанның сақ артефактілері Кембриджде көрмеге қойылады

Сарапшылар артефактілерді «өте маңызды» деп сипаттады.

Қазақстандағы сақ жауынгерлерінің ежелгі қорғандарынан табылған артефактілер Кембридждің Фицуильям музейіндегі көрмеге қойылады.

Өздерінің жылқыларымен және қазыналарымен жерленген Сақ көсемдерінің көптеген қорғандары тоналған. Бірақ археологтар ешкім тиіспеген жас садақшының жерленген жерін тапты.

Қаланған тас құлап, басып қалғандықтан 2500 жыл бұрын жерленген 18 жастағы бозбаланың қорымы ешкімнің көзіне түспеген.  Бірақ қазақстандық археологтар соңғы үш жылда көптеген артефактілерді тапқан.

Фицуильям мұражайының деректері бойынша, бұл Қазақстанда табылған сақтардың екінші моласы ғана.

Алғашқы «Алтын адамның» сүйегі 1969 жылы Қазақстанның оңтүстігіндегі Есік қорғанынан табылған болатын.

Дереккөз: standard.co.uk