Закир Сафиуллин Олимпиаданың ширек финалында тізе бүкті

Бокстан 63 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Закир Сафиуллин ширек финалда ұтылып қалды деп хабарлайды Olympic.kz.

Сафиуллин 1/4 финалда австралиялық Гарри Гарсайдпен кездесті. Тартысты кездесуде 3:2 есебімен Австралия өкілі жеңіске жетті.

Айта кетелік, Қазақстан сапынан екі боксшы ғана жартылай финалға өтті. Бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов ширек финалдан сүрінбей өтті.