Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын.

Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.

Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.