19 жастағы жігіт құмның астында қалып, оқиға орнында көз жұмды

 Павлодар облысында 19 жастағы жігіт құмның астында қалып көз жұмды. Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылында орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілде күні сағат 15.40-та ЖШС-нің 19 жастағы жұмысшысын құм басып қалған.

– Жігіт су құбырларын тартып жатқан, – дейді ведомстводан.

Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды.