Серік Сәпиев Олимпиада трансляциясы туралы: «Келіссөз жүріп жатыр»

ҚР спорт істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев «Студия 7» бағдарламасына берген сұхбатында Олимпиада трансляциясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Трансляция болады деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге келіссөз жүргізіп жатырмыз. Таяу уақытта хабарлаймыз. Көреміз», – деді Серік Сәпиев.

XXXII жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз арасында Токиода өтеді. Қазақстан құрамасы 27 спорт түрінен 97 лицензия иеленді.