Оңтүстік Африкадағы 9 шілдеде басталған тәртіпсіздіктер кезінде 337 адам қаза тапты

Оңтүстік Африкада 9 шілдеде басталған тәртіпсіздіктер салдарынан 337 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте 61 адам қаза тапқан.

Еске салайық, Оңтүстік Африкада бұрынғы президент Джейкоб Зума түрмеге жабылғаннан кейін тәртіпсіздіктер басталған. Сот шешімін орындамағаны үшін ол 15 айға қамауға алынды.