Коронавирус жұқтырған 1 258 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (–69 436 + және 1 785 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ДСМ хабарлады.

23 шілдедегі мәлімет бойынша, 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (–69 436 + және 1 785 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 21 096 пациент стационарда, 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 258 адамның жағдайы ауыр,

• 274 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 166 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.