Бүгін Токио Олимпиадасының салтанатты ашылуы өтеді

Бүгін, 23 шілде күні, Жапония астанасы Токиода жанкүйерлер асыға күткен XXXII жазғы Олимпиада ойындарын басталады. Бір жылға кейінге шегерілген 2020 жылғы Олимпиада ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Жапония билігінің талап-ережелеріне сай өтеді. 

Olympic.kz Олимпиаданың алғашқы күніндегі қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.

Нұр-Сұлтан және Токио қалаларындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең. Ойынның алғашқы жарыс күнінде садақ атудан үш қазақстандық спортшы және академиялық есуден Қазақстан командасының өкілі іріктеу кезеңін бастайды.

#TeamKZ мүшелерінің жарыс кестесі, Нұр-Сұлтан уақытымен:

Садақ ату. Ерлер: 

Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин.

Басталуы: 10:00.

Академиялық есу, іріктеу:

Владислав Яковлев

Басталуы: 5:30

Токио Олимпиадасында әлемнің 200 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық спортшы спорттың 33 түрінен бақ сынайды. Атлеттер жалпы есебі 339 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 17:00-де басталады.