Токио Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасының формасы үздік деп танылды

Forbes журналы 8 үздік Олимпиадалық форма дизайнының тізімін жариялады. Үздік формалар қатарында Стефан Рабимов атап өткен қазақстандық форма да бар, деп хабарлайды Olympic.kz.

#TeamKZ атлеттер формасынан басқа, үздік формалар қатарында АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония командаларының формалары бар.

Біздің команданың формасын сипаттай отырып, автор түстердің сәтті үйлесімін және ең бастысы – командалық жұмысты атап өтті. Өйткені, команданың спортшылары да форма жасауға қатысты. Мақала авторының хабарламасында:

«Қазақстан командасының отыз бес мүшесі өз формасының дизайнын жасауға тікелей қатысты. Дизайнер Салтанат Баймұхамедова командамен бірге маталарды, түстер мен сәндік элементтерді таңдауда бірлесіп жұмыс істеді», делінген.