Токио-2020: Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Токиода өтетін Паралимпиадалық ойындарға қатысатын Қазақстан Республикасы құрамасының құрамы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның намысын спорттың 7 түрінен 25 паралимпиадашы қорғайды.

Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден жеті, дзюдодан алты, пауэрлифтингтен бес, таэквондодан үш және жеңіл атлетикадан екі лицензия жеңіп алды.

Сонымен қатар, қазақстандық паралимпиадашылар алғаш рет каноэде есу және ату сияқты спорт түрлерінен лицензия жеңіп алғанын атап өткен жөн.

Таеквондо жұбы бойынша екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы және Еуропаның екі дүркін чемпионы Домбаев Нұрлан мен Рио-2016 жазғы 15-ші Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Қойшыбаева Раушан Токиодағы Қазақстан паралимпиадалық командасының ту ұстаушылары болып белгіленді.

Токио-2020 – бұл Қазақстан спортшылары қатысатын алтыншы Паралимпиада ойындары. Кейінгі 25 жыл ішінде Қазақстан Паралимпиада ойындарына алғаш рет жиырмадан астам спортшыны жіберді.

Бұған дейін біздің елден Атлантада-1996 –12 паралимпиадашы, Сидней-2000 – 2, Афина-2004 – 2,  Пекин-2008 – 8, Лондон-2012 – 7, Рио-2016 –10 спортшы қатысқан болатын.